28 наурыз, жұмаға қараған түні Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз, Шу қалаларында және бірқатар ауыл мен қалада жерасты дүмпулері тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомствоның Telegram-каналында хабарланғандай, жер сілкінісі сағат 03:42-де тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстанда, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінің күші (баллмен есептегенде):
- Меркі ауылы – 5.0 балл;
- Құлан ауылы – 4.0 балл;
- Шу – 2.0 балл;
- Төле Би ауылы – 2.0 балл;
- Сарыкемер ауылы – 2.0 балл;
- Тараз – 2.0 балл;
- Қордай ауылы – 2.0 балл;
- Аса ауылы – 2.0 балл;
- Мойынқұм ауылы – 2.0 балл.
Қаза тапқандар мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет жоқ, деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігі.
Осы орайда ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі он қарапайым қадамды назарға ұсынды:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінгенде лифтті, баспалдақты қолданбаңыз;
- Жиhазға, терезеге жақын тұрмаңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндік болса, өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден, ғимараттан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!