Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үздік аула-2024» байқауына өтінім қабылдау басталды

01.07.2024, 11:30 120

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласында қала күнін мерекелеу аясында «Үздік Аула» байқауын өткізу – дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау жетінші мәрте өткізілуде.

Байқау шарты бойынша жасыл желекті көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ғана емес, жеке тұрғын үйдің сыртқы аумағына да өз еңбегімен еккен қала тұрғындары қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo #Qyzylorda #Үздікаула2024 хэштегтерін міндетті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, көгалдандырудағы тәжірибесімен бөлісіп, өз парақшасында сапалы суреттер мен 16:9 форматындағы видеоны жариялау қажет.

Байқауға материалдар 1 шілде мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Байқаудың қорытындысы комиссия шешімен анықталып, қала күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталады. Бұған дейін жеңімпаз атанған аулалар байқауға қайта қатыса алмайды. І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

Байқауға қатысты барлық сұрақты қалалық қоғамдық даму бөлімінің маманы Әсел Бақытбекқызынан 8 707 774 7606 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: