Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тазалық әрқайсысымыздан басталады

04.04.2026, 22:05 38

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өткен болатын.

Қармақшылықтар бұл игі іске белсенді қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда. Аудан аумағында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі іс-шараға аудан орталығымен қатар барлық кент және ауылдық округтердің тұрғындары, бөлім, мекеме қызметкерлері, жастар және еріктілер белсене атсалысты.

Сенбілік барысында орталық көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар мен арықтар тазаланып, ретсіз өскен арамшөптер жойылды. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техникалардың көмегімен шығарылды.

Тазалық әрқайсысымыздан басталады. Барша тұрғынды ауданның тазалығын сақтауға және игі бастамаларға белсене қатысуға шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: