«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сыр өңірінің қала, ауыл, елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тазалық іс-шараларына 80 мыңнан астам ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 3300 тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері мен көшелердің бойы тазартылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. Бүгінде облыс аумағына 9560 түп тал отырғызылды.
Алдағы уақытта да жұмыс ауқымы кеңейе бермек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!