Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдария: 2100 түп көшет отырғызылды

04.04.2026, 22:20 42

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін Сырдария ауданында ауқымды тал егу жұмыстары жүргізілді. Игі іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мекеме қызметкерлері, ерікті жастар және аудан тұрғындары белсенді түрде қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Аталған акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Осы бағытта ұйымдастырылған іс-шара барысында аудан аумағында 2100 түп көшет отырғызылды.

Сонымен қатар, экологиялық акция аясында тал егу жұмыстарымен қатар тазалық іс-шаралары да кең көлемде ұйымдастырылды. Ауданда өткен жаппай сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, көктемгі абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: