Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада заңсыз қалыптасқан 101 қоқыс орындары жойылды

05.08.2022, 11:00 369

HALYQLINE.KZ Аймақта шешімі табылған күрмеулі мәселенің бірі – қоқыс полигондары. Бүгінгі күнге дейін облыс аумағында бірқатар заңсыз полигондар анықталып, оларды жою бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Дәлірек айтқанда, өңірде қоршаған ортаны қорғау бойынша

40 нысанға бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, экологиялық заңнама талаптарын бұзған 58 дерек анықталды. Сондай-ақ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның ғарыштық түсірілім қызметін пайдалану арқылы анықталған қалдық үйінділері жойылуда. Қазіргі таңда аймақтағы анықталған барлығы 101 заңсыз қалыптасқан қоқыс орындары толығымен тазартылды. Ал «геопортал» жүйесінің ғарыштық мониторингі арқылы 98 рұқсатсыз тасталған қоқыс қалдығы анықталып, оның 98 пайызы жойылды.

Бұдан бөлек жергілікті әкімдіктер тарапынан тұрақты түрде бірқатар рейдтік шаралар өткізіліп, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде облыс бойынша экологиялық заңнаманы бұзу деректері жиі кездеседі. Бұл бойынша департамент қызметкерлері тиісті шараларды қабылдауда. Атап айтсақ, облыс аумағындағы бей-берекет тасталған қалдық орындарын жою жұмыстары қолға алынды.

Облыста заңсыз пайда болған қоқыс полигондарын жоюға қатысты   жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Экология департаментінің мамандары рұқсат етілмеген қоқыс орындары қоршаған ортаға орасан зиян екенін айтады.

Бүгінде Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған қоқыстарды сұрыптау әрі өңдеу полигоны қаладан 7 шақырымда орналасқан. Бұдан бөлек, қала орталығында қоқысқа арналған жәшіктер жеткілікті деңгейде орналастырылған. Дәл осы секілді,  облысқа қарасты аудандарда арнайы қоқыс тастайтын орындар белгіленген. Оларға тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, аудандардағы қоқыс полигондары барлық санитарлық-талаптарды сақтап, нормаға сәйкес қарастырылған. Ал, аудан орталықтарында қоқысқа арналған жәшіктер көшелерде орналастырылып,  тұрғындарға тиімді жағдай жасалған.

Жаңақорған ауданындағы 25 кент, ауылдық округте тұрмыстық қатты қалдықтарды жою нысандарын салуға жер учаскелері табысталып, сәйкестендіру құжаттары әзірленіп, мемлекеттік актілері алынды.

Ал, Арал ауданындағы ескі полигонның белгіленген мерзімінің өтуіне байланысты, Арал қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі жаңа қоқыс полигоны өткен жылы пайдалануға берілді.

Облыстың экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөнінде арнайы Жол карта жасақталды. Қазіргі таңда аталған шара аясында нақты жұмыстар жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: