HALYQLINE.KZ Қала әкімі Асылбек Шаменовтың Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жылдар бойы қордаланған инфрақұрылым мәселесін шешу және отандық өндірісті дамытуға қатысты қала аумағында жүзеге асырылып жатқан ілкімді істердің жұмыс сапасын қадағалау сапары жалғасуда.
Шаһар басшысы алдымен Бәйтерек тұрғын ауданына барып, Қызылжарма каналы арқылы Бәйтерек ықшам ауданына өтетін көпір құрылысының жұмысын зерделеді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев, жауапты мердігер компания «Стандарт Ойл» ЖШС-нің директоры А.Ертаев жұмыс барысы туралы егжей-тегжейлі баяндап, ұзындығы 47, ені 10 метр болатын көпірдің сапалы әрі уақытылы ел игілігіне табысталатынын айтты. Мердігердің сөзіне сенсек, Қызылжарма каналын асып өтетін көпірмен тамыз айынан бастап автокөліктер жүйіткитін болады.Қала әкімі бастаған топ ары қарай Қорқыт ата тұрғын ауданына ат басын бұрып, Күлтегін көшесіне жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстарын көрді. Бір шақырымнан асатын көшеде жұмыс қарқыны ширақ. Өйткені, мердігер мекеме «Қызылорда-Траст» ЖШС директоры Н.Көшеков маусым айына үлгертуіміз керек дейді.Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда елді мекендерді сапалы ауыз сумен және табиғи көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы ретте, қазіргі уақытта Сыр өңірінің барлық аудан орталықтары көгілдір отынмен қамтылып, ендігі кезекте елдімекендерге газ тарту жұмыстары жүзеге асырылуда.
Сондай игі істің бірін Қосшыңырау ауылдық округінен көруге болады. Қала әкімі аталмыш ауылдық округке табиғи газ қосу жұмысы сапасын бақылау үшін арнайы барды. Абай, Досан ауылдары игілігін көретін газ тарту жұмыстарының құны 662,7 млн. теңге. Ел асыға күткен шаруаны желтоқсан айынан кешіктірмей сапалы орындау міндеті мердігер компания «Ремстрой» ЖШС-не тиесілі.Өз кезегінде шаһар басшысы Асылбек Шаменов «Кез-келген адамның, әулеттің берекесі – үйінде маздаған отынан, жылы ошағынан. Туған елдің төрінде халық игілігі үшін жасалып жатқан жаңалықты берекелі қылу тікелей сіздерге байланысты» деді.
Мұнан соң қала әкімі Қызылжарма ауылдық округіндегі Ә.Сайлыбаев көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмысын бағамдады. Наурыз айында басталған ұзындығы жарты шақырымға жуық көшеде жасалатын тиісті жұмыстар, мамыр айында толық аяқталады деп күтілуде. Мердігер мекеме «Орда Автодор» ЖШС.Сондай-ақ, Титов тұрғын ауданындағы Жанкент көшесінің тұрғындары да маусым айынан бастап жаяу жүргіншілер жолының игілігін көрмек. 1 шақырымға жуық тротуар құрылысын жүргізу «Қызылорда жолдары» ЖШС-не сеніп тапсырылған.Инфрақұрылымды реттеу мәселесінде қаланың шет аймақтары көбірек қамтылғанын дәлелдейтін және бір көрініс Шанхай тұрғын ауданындағы 8-наурыз көшесіндегі орташа жол жөндеу жұмыстары. Бұл көшені де «Қызылорда жолдары» ЖШС өз міндетіне алған.
Айта кетейік, дәл осы тұрғын ауданда жалпы құны 253,9 млн теңгеге 18 көше жөнделетін болады.Қала әкімі Асылбек Шаменов сапар соңында қызылордалықтардың игілігі үшін қыруар қаржыға жасалып жатқан шаруалардан кемшілік болмауы қажет екенін айтып, шаһар аумағындағы барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу жұмыстарына күнделікті бақылау жүргізіп отыру жөнінде жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!