Түнде Алматыда жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісінің мәліметі бойынша жер сілкінісі 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09-да болды.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1. Магнитудасы – MPV 6.7.
MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, ал Шымкент 2 балл болып сезілген.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!