Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстың экологиялық мәселелері назардан тыс қалмайды

29.07.2022, 16:15 531

HALYQLINE.KZ Биыл өңірде қоршаған ортаны қорғау бойынша 40 нысанға бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, экологиялық заңнама талаптарын бұзған 58 дерек анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ертай Жайназаров аталған салада бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларды айтты.

– Бүгінде облыс бойынша экологиялық заңнаманы бұзу деректері жиі тіркелуде. Бұл бойынша біздің департамент қызметкерлі тиісті шараларды қабылдауда. Атап айтсақ, облыс аумағындағы бей-берекет тасталған қалдық орындарын жою жұмыстары қолға алынды. Дәлірек айтқанда, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның ғарыштық түсірілім қызметін пайдалану арқылы анықталған қалдық үйінділері жойылуда. Ал «геопортал» жүйесінің ғарыштық мониторингі арқылы 98 рұқсатсыз тасталған қоқыс қалдығы анықталып, оның 98 пайызы жойылды. Сонымен қатар, ауаға шығарылатын ластағыш заттардың экологиялық нормаларға сәйкестігін анықтау бойынша полиция қызметкерлерімен бірге автокөліктерге тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде тексерілген 34 автокөліктің екеуі тиісті нормаға сәйкес еместігі анықталды. Облыстың экологиялық мәселелерін кешенді шеші жөнінде арнайы Жол карта жасақталды. Қазіргі таңда аталған шара аясында  нақты жұмыстар жүргізілуде, – деді Ертай Жайназаров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: