Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Наурыз айы жылы болады

13.03.2025, 16:55 53

HALYQLINE.KZ

Наурыз айының ортасында ауа температурасы түнде нөлден жоғарылап, біртіндеп жылынады, ал күндіз айтарлықтай көтеріліп, облыстың оңтүстігінде одан да жоғары болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Айгерім Жокелова және І санатты инженер-гидролог Раушан Бейсетаева айтты.

– «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария өзені бойындағы су деңгейін арнайы бекеттер арқылы тұрақты бақылауда ұстайды. Өзен бойында он су бекеті орналасқан, олар күн сайын ауа мен су температурасын, мұз жағдайын өлшеп, деректерді реттеп отырады. Бұл ақпарат тәулігіне екі рет жаңартылып, тиісті мекемелерге беріледі. Су деңгейіне қатысты мәліметтер желтоқсаннан сәуір айына дейін тұрақты түрде жеткізіледі, бұл өзендегі жағдайды бақылап, алдын алу шараларын уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді, – деді, Раушан Қыдырбайқызы.

– Наурыз айында ауа температурасы қалыпты деңгейден сәл жоғары болады деп болжануда. Айдың соңына қарай күн райы салқындап, түнде суытады, ал күндізгі температура біршама жылы болады. Жауын-шашын Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында әдеттегіден көбірек түссе, қалған аймақтарда қалыпты мөлшерде болады. Облыс бойынша айдың ортасы мен соңында аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің күшеюі жиі байқалып, айдың екінші жартысында шаңды дауыл соғуы ықтимал, – деді Айгерім Болатбекқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: