Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұнай қалдықтарын қайта өңдеу жобасы таныстырылды

16.08.2022, 16:45 507

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әбділда Шәменовпен кездесті. Әбділда Атамұратұлы «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен іске асырылған «CT Solutions» ЖШС-нің «Инновациялық технология бойынша күрделі мұнай шикізатын өңдеу» жобасын таныстырды. Жоба жетекшілері – «CT Solution» директоры Орынғалиев А.А. және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, х.ғ.д. Аппазов Н.О.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын жинақталған қалдықтардың көлемі шамамен 4,5 млн тоннаны құрайды. Сондықтан да табиғи ортаға зиян келтіретін шламдарды қайта өңдеу өзекті. Бүгінде жоба патенттеліп, аккредитацияланған. Және де өндіру тиімділігі 95 пайызды құрайды.Ә.Шәменов ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті аймақта коммерцияландыру жобаларын дамыту перспективалары және инновациялық жобаларға көрсетілетін қолдау шараларына тоқталды.

Басқосуға «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы» жанындағы Жасыл қаржы орталығының директоры Манас Гиждуаниев қатысып, инновациялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы айтты. Бұдан бөлек, «Ecologist» журналының редакторы Дәуіржан Ауғамбай жоғарыда аталған жобаны баспасөз беттерінде кеңінен насихаттайтынын тілге тиек етті.

Кездесуді қорытындылай келе, Нұрымбет Аманұлы облыстағы көптеген жобалардың, оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: