Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Тұрғамбаев киік атудың келесі кезеңі қашан басталатынын айтты.
«Оған биологиялық негіздеме жазылады. Негіздемені ғылыми мекемелер жасайды. Сол кезде мерзімі, мезгілі анықталады. Мезгіл бойынша, биыл, маусым-шілде айларына дейін негіздеме дайын болуы керек. Санақтан кейін ғой. Мамыр айында санақ өтеді. Сол санақ қорытындысы бойынша дайындалады», – деді ол.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 10 ақпанынан бастап киіктерді атуға қайтадан тыйым салынған болатын.
Фото: halyq-uni.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!