Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мамыр айында ауа температурасы қандай болады?

29.04.2024, 18:25 284

HALYQLINE.KZ

Алдағы мамыр айында Қызылорда облысында ауа температурасының орташа айлық көрсеткіші +21,2+23,1 градус болады деп күтілуде. Тиісінше, бұл нормадан 1 градусқа жоғары. Сондай-ақ, өңірде мамыр айында жауын-шашын мөлшері аз болып, шаңды дауыл жиі болады деп болжануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Айгерім Жөкелова хабарлады.

– Мамыр айының бірінші онкүндігінде облыста ауа температурасы түнде +7+12 градустан +12+17 градусқа дейін болса, күндіз +23+28 градус болады деп болжануда. Ал аймағымыздың оңтүстігінде + 37 градусқа дейін жоғарылайды. Айдың екінші онкүндігінде түнде +5+10 градус, оңтүстік аймақта +13 градус, солтүстік-батыста + 20 градусқа дейін төмендеуі болжанып отыр. Дегенмен, екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы күндіз + 35+40 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақта +43 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде. Осындай күн райы кезінде барынша сақтық шараларын ұстаған жөн. Өйткені жоғары ауа температурасы адам ағзасына әсер етеді. Ал айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +15+20 градус шамасында болса, күндіз +31+36 градус болады. Оңтүстік аймақта түнде +23 градустан +18 градусқа дейін, күндіз +39 градустан +31 градусқа дейін ауытқуы болжануда. Сондай-ақ, жаңбыр, найзағай бірінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі. Ал шаңды дауыл бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің ортасында болжанады. Жел секундына 15-20 м/с бір ай бойы жиі күтіледі деп болжануда, – деді Айгерім Болатбекқызы.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: