Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

МӘДЕНИЕТ пен МІН

15.08.2024, 11:20 321

Біздің көп айтатын мәселеміз – мәдениет. Адами мәдениет, мәдени ұстаным, тұрмыстағы мәдениет сынды дүние­ні айтқанда, бәріміз сарапшымыз. Бойымызда мәдениеттің болмауы – әрбірімізге мін. Бірақ айт­қан ауыз іскер қолға жол бастау бола алмай отыр. Оны көшедегі қоқыс пен ұят та болса айтайық, түкіріктерден көп байқаймыз. Бәріміз «табиғат ананы» ластамауға ша­қырамыз,  бірақ…

Иә, «бірақ…» бар ғой қашан да. Жалпы, тіршіліктің маңызды бөлігі – табиғат екенін естен шығарып аламыз ба, әйтеуір, осыған келгенде тазалығымыз тоқтап қалады. Қолымызда бар қоқысты үйімізге емес, көшеге шашып кете саламыз. Сонда біздегі эко­мәдениет  қайда?

Ойлап қарасақ, адамзат өз іс-әрекеттерінің салдарынан «табиғат ананың» байлығын тек тұтыну мақсатында ғана пайдаланып, экологияны қорғау туралы ойлануды кейінге қалдырып жатыр. Осы жерде экомәде­ниет деген ұғымның мәні ашылады, бірақ бұл ұғымның  да  міні  бар.

Экомәдениет – бұл тек табиғатты қорғау емес, адамдардың экологияға деген саналы көзқарасы, табиғатқа деген сүйіс­пеншілігі мен құрметі. Дегенмен, біздің қоғам экомәдениетінде көптеген кемшілік бар. Біріншіден, экологияға қатысты білім мен  ақпараттың  жеткілік­сіздігі туған таби­ғаттың туын көтерткізбейді. Бү­гінгі жас буын экология­лық мәселелер­дің ма­ңыздылығын терең түсінбейді, ал олардың жауапсыздығы болашақ ұрпаққа үлкен қауіп төндіргелі тұр. Оқырманға түсінікті тілмен айтсақ, біз табиғатты қадірлеп, оның заңдылықтарын бұзбай өмір сүруіміз керек  екенін білмей жүрміз. Қоқысты сұрыптап жинау, суды үнемдеу, жасыл желектерді қорғау тіпті көшеге түкіріп, жолды ластамау секілді қарапайым әрекеттер біздің экомәдениетімізді көрсе­теді. Экомәдениет деп әспеттемей-ақ қояйық, адамгершілігіміздің айға­ғы  емес  пе?!

Осы тұрғыдан айта­тын тағы бір нәрсе, қоғамда экотазалық пси­хология­сы қалыптаспай тұр. Көшеде сатып алынған заттың қалдықтары мен сыртқы целлофандары үнемі қоқыс жәшігінің сыртында желмен олай да, бұлай да ұшып жүреді. Бұл көрініске тіпті кө­зіміз үйреніп барады. Бірақ, мұны өзімізге теріс қылық етіп қабыл­дауға тиіспіз. Шынын айтсақ, біздің қо­ғамда эко­мәдениетті насихаттау­дың жеткі­­лік­сіздігі – аксиома. Экологиялық мәдениет ұғымын сіңіру тек мектептерде ғана емес, отбасында, күнделікті өмірде де  жүзеге асырылса, тазалыққа құмар буын тәлім алса, еліміз ғана емес, рухания­тымыз да тазарар ма еді. Ол үшін сананы өзгерту керек емес, оны жетіл­діксек  те  жеткілікті.

МҰНАРА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: