Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Каспий теңізін қорғауға бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінді

24.02.2026, 9:45 52

Мемлекет басшысының Каспий теңізін кешенді түрде зерттеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға 1,1 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Бөлінген қаражат институттың ғылыми-техникалық әлеуетін күшейтуге бағытталады. Атап айтқанда, теңіздегі экологиялық жағдайды тұрақты бақылауға арналған заманауи жабдықтар сатып алу, сондай-ақ гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру көзделіп отыр. Бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүріп жатқан процестерді ғылыми тұрғыдан жүйелі зерделеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда институт халықаралық ғылыми қауымдастықпен тығыз әріптестік орнатып, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтары біріккен қауымдастығына мүше болып отыр. Бұл тәжірибе алмасуға және теңіз экожүйесін қорғауға бағытталған тиімді шараларды бірлесіп әзірлеуге жол ашады.

Қаулыға сәйкес, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жобаны іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау, ал Қаржы министрлігіне бөлінген бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

Фото: gotur.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: