Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экологтар қазақстандықтарды «Жер сағаты» акциясына үлес қосуға шақырды

28.03.2026, 13:26 35

Бүгін, 28 наурызда, Қазақстан жаһандық «Жер сағаты» экологиялық акциясына қосылады. Экология министрлігінің мәліметінше, акция аясында ел бойынша жергілікті уақытпен 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлерде, кеңселерде және бірқатар нысандарда жарық бір сағатқа сөндіріледі. 

Ведомство қазақстандықтарды акцияны қолдауға шақырып, осы уақытта шамдар мен артық электр құрылғыларын өшіруге үндеді. Биылғы бастама елде экотуризмді дамыту тақырыбымен өтіп жатыр. 

«Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қорының бастамасымен өтетін халықаралық акция. Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және климаттың өзгеруі мәселесіне қоғам назарын аудару. Акция кезінде әлемнің көптеген елінде ғимараттар мен ескерткіштердің сыртқы жарығы бір сағатқа өшіріледі. 

Қазақстанда бұл бастамаға биыл да бірқатар қала мен мекеме қатыспақ. Мысалы, Астанада 20:30-дан 21:30-ға дейін ондаған нысанның жарығы мен сәндік шамдары сөндіріліп, акция аясында арнайы экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Фото: halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: