Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экоакцияға белсенді үлес қосқандар марапатталды

30.12.2025, 8:50 47

HALYQLINE.KZ

Қазалы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді үлес қосқан азаматтарды марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазалы қалалық Мәдениет үйінде өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов қатысып, тазалық акциясы аясында жыл көлемінде атқарылған жұмыстар жайында айтып өтті. Сондай-ақ Қазалы қаласын көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Салтанатты іс-шарада сенбілік жұмыстарын белсенді ұйымдастырған ұжымдарға аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың дипломдары мен шөп шабатын құрылғының арнайы сертификаттары табысталса, тазалыққа атсалысқан азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Айта кетейік, аудан бойынша барлық ауылдық округте аталған экоакцияға белсенді үлес қосқан азаматтар мен ұжымдарды марапаттауға арналған іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: