Республика көлемінде өтіп жатқан «Игі істер» марафоны аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – Таза аймақ» тазалық акциясы өткізілді. Туған өлкесін түлетуге атсалысып жүрген аймақтың белсенді жастары қаладағы бірқатар нысанда тазалық жұмыстарын жүргізді. Белсенді жастар қала орталығындағы ескерткіштер аумағын, скверлер мен аллеяларды қоқыстардан тазартып, ондағы ағаш діңгектерін әктеп, сырлады.
Бұдан бөлек, жастар марафонды қызықты әрі көңілді өткізу мақсатында акция аясында «Бауырсақ party» іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған қатысқан 100-ге жуық жастың мұндай белсенділігіне қала тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын жеткізді.
Көппен бірге атқарылған жұмыс көңіл қуантады. Игі іс-шара барысында қала тұрғындары, волонтерлер және «Жасыл ел» еңбек жасақтары экологиялық акцияда белсенділік танытып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!