Салдарынан әлемде тырысқақ ауруы көбейген.
Еуропалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары әлемде қауіпті ауру тарататын Aedes albopictus масалары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Financial Times басылымы.
Орталық дерегінше 2023 жылы денге тырыспасын жұқтырғандар саны 2010-2021 жылғымен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 130 жағдай тіркелген. Соңғы 7 жылда Францияда Зика вирусын жұқтыру деректері анықталыпты. Ал Италияда денге тырыспасына ұқсайтын чикунгуньи дертін жұқтыру дерегі тіркелді.
Орталықтың бас сарапшысы Селин Госснер жәндіктердің көптеп тарауын климаттың өзгеруімен байланыстырды. Сонымен қатар бұған туризм мен сауданың дамуы да әсер етеді дейді.
Дереккөз: inbusiness.kz
Фото: correiobraziliense.com.br
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!