Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Егер ядролық соғыс болса, кім аман қалады?

27.01.2023, 9:00 285

Шыны керек, бұл жағдайда адамзаттың мүмкіндігі аз. Бірақ жердегі тіршілік адамдарсыз-ақ жалғасады. Ал, олар кімдер? Толық ядролық соғыстың салдары туралы айту қазірдің өзінде үйреншікті нәрсе болып кетті. Алайда бір ғана мәселені нақтылау керек. Адамзат жойылса, басқа біреу аман қалады ма? Ғалымдардың айтуынша, жауап – иә. Бірақ тек ең табандылары екен.


2019 жылы бұл сұраққа Ратгерс университетінің зерттеушілері жауап беріпті. Атмосферада 150 миллион тонна күйе болады, жер бетінде 10°C суық болып, жауын-шашын аз болатын-ды. Орта ендіктердегі вегетациялық кезең 90%-ға қысқарады, кей жерлерде тіпті жазда да қар жауады. Нәтижесінде адамдар мен жануарлардың жейтін ештеңесі болмайды.


Содан кейін радиация бар. Чернобыль (1986) және Фукусимадағы (2011) атом электр станцияларындағы апаттардың салдарын зерттей келе ғалымдар ең көп зардап шегетін адамдар деген қорытындыға келді. Бірақ жануарлар мен өсімдіктер жаңа жағдайларға тез бейімделеді. Ал жер бетінде мүлде басқа тіршілік иелері билік жүргізеді. Олардың қатарына ең бірінші болып, микробтар кіреді. Кейбір микробтар тіпті ең күшті радиациядан қорықпайды. Мысалы, шөлді мекендейтіндер. Олар қазірдің өзінде жоғары температура мен зиянды ультракүлгін сәулеленуге үйреніп қалған. Ал радиацияға ең төзімді организм – Deinococcus radiodurans бактериясы.


Сондай-ақ, бделлоидты ротиферлер мен тардиградтар – микроскопиялық өлшемдері мен сәулеленуге төзімділігі бар жануарлар. Бірақ бұл тізімде үлкенірек тіршілік иелері де бар. Мәселен, фундулюс – ғарышқа жіберілген алғашқы балық. Ол температураның өзгеруінен, оттегінің және улы заттардың жетіспеушілігінен қорықпайды. Тарақандар да ең төзімді жәндіктердің бірі. Олар Жерді басып алады деп те айтады. Тарақандар тамақсыз бір ай өмір сүре алады және адамдарға қарағанда радиацияға 15 есе төзімді.


Тіпті қарапайым егеуқұйрықтардың да ядролық апокалипсис кезінде адамдарға қарағанда аман қалуы мүмкін. Себебі Жер шары үлкен астероидпен соқтығысқан кезде жаһандық жойылудан аман қалды. Осы кезде динозаврлар өлген еді, ал егеуқұйрықтардың ата-бабалары жер астында қиын күндерге төтеп бере алды деп ағылшын басылымдары айтады. Бұған қоса, олар радиацияға адамдарға қарағанда әлдеқайда төзімді келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: