Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дауылды ескерту жарияланды

14.01.2026, 15:55 33

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында 14 қаңтар сағат 20:00-ден 15 қаңтар сағат 20:00 аралығында дауылды ескерту жарияланды, деп жазады өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 15 қаңтарда түнде аймақтың оңтүстігінде, орталығында қар, күндіз жауын-шашын (көбіне қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қаласында 15 қаңтарда күндіз жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с күтіледі.

 Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: