Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Былтыр 74 рұқсатсыз қалдық орны анықталды

24.04.2024, 15:30 212

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті заңсыз қоқыс алаңдарына бұқаралық ақпарт құралдарының қатысуымен баспасөз-тур өткізді.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ арасында қалдықтар орналасқан жерлерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық түсірілім қызметін көрсету бойынша келісімшарт жасалып, соған сәйкес 2018 жылдан бастап қала маңындағы 50 шақырым белдеуде орналасқан бей-берекет қалдықтар орындарын жою көзделген.

2023 жылы «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ-мен жүзеге асырылған ғарыштық мониторинг нәтижесімен 74 рұқсатсыз қалдық орындары анықталып, Қызылорда облысы республикада алғашқылардың бірі болып, қысқа мерзімде анықталған қалдықтар орындары Департаменттің жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарған іс-шаралары нәтижесімен 100% жойылды.

Департаменттің заңсыз қалдық орындарын болдырмау жөніндегі жұмыстардың нәтижесімен рұқсатсыз тасталған қалдықтардың орындары жыл сайын азаюда. Атап айтқанда, 2018 жылы – 240 орын, 2019 жылы – 228 орын, 2020 жылы – 136 орын, 2021 жылы – 105 орын, 2022 жылы 99 орын анықталса, 2023 жылы 74 рұқсатсыз қалдық орындары анықталған.

Бұл көрсеткіш жылдан-жылға азайып келе жатқанын көрсетсе де, халық арасында үйреншікті қоқыс алаңдарына қоқыстарын тастауы тоқталмай отыр.

Бүгінгі күні Қызылорда облысы стихиялық қалдық орындарын жою жөнінде атқарылған шаралар нәтижесі аймақтар көрсеткіштерінде алғашқы орында тұр.

Сонымен қатар, маңызды атап өтетін жайт, стихиялық қалдықтар орындарын жоюдан бөлек, бірінші ретте заңсыз қалдық орындарының түзілуін болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады.

2024 жылы Геопортал жүйесінде жаңартулар мен өзгерістер енгізілген жоқ. Дегенмен, Департаментпен қала аумағында заңсыз қалдық орындарын анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Нәтижесімен Департаментпен тиісті әкімдіктерге қалдықтардан тазарту, бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды атқару жөнінде мәселе қойылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жедел түрде қалдықтар орындары тазартылып келеді.

Өздеріңізге белгілі көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері облыс көлемінде тұрақты түрде жүргізілуде. Осы ретте, қаламыздың тазалығын сақтап, Сыр өңірінің табиғатын қорғауға шақырамыз.

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: