Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ағаштың кей түрін экспорттауға тыйым салынады

19.10.2021, 15:10 577

HALYQLINE.KZ

Үкімет ел аумағынан ағаштың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салмақ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.Смайыловтың басшылығымен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, – деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, ресейлік ағаштың рұқсатсыз қайта экспортталуын болдырмау, отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін ағаштың жекелеген түрлерін қай елде шығарылғанына қарамастан 6 ай мерзімге дейін ел аумағынан әкетуге тыйым салынды. Мұнымен қоса, Премьер-министрдің орынбасары әкетуге мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр 6 ай сайын шектеулерді автоматты түрде ұзарту туралы ұсынысты мақұлдады.

Күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын әкетуге квотаны ұлғайтудың қажеттілігі мен табиғи уран мен оның қосылыстарына экспорттық кедендік баж салығын енгізу мәселелері талқыланды. Ә.Смайылов, сондай-ақ, тұқым өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаның оңтайлы көлемін анықтау және өнім бағасының өсуіне жол бермеу қажеттігін баса айтты.

Ведомствоаралық комиссияға қойылған бірқатар мәселелер тиісті министрліктердің ұсыныстарын ескере отырып пысықталады. Нақты шешім келесі талқылаудың нәтижелері негізінде қабылданады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: