Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан 14 адамның отбасына «Қазақстан халқына» қорынан жеті миллионнан төленеді. Әр кәмелетке толмаған баласы барларға қосымша екі миллион теңгеден бөлінеді.
Төтенше жағдайдың себептерін анықтау және зардаптарын жою үшін құрамына мүдделі министрліктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері кіретін арнайы Үкімет комиссиясы құрылды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, 1 шілдеден бастап орманшылар шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көтерілуі мүмкін. Үкімет отырысында орман шаруашылығы кәсіпорындарын материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі талқыланған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!