Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі қала 20 сәуірден бастап…

15.04.2020, 16:07 510

HALYQLINE.KZ –|  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Мемлекеттік комиссия биылғы 20 сәуірден бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімін бекітті, – деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласында:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар;
  • құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
  • көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
  • автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
  • екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
  • қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.

Алматы қаласында:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар;
  • құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
  • нотариустер алдын ала жазылу бойынша;
  • тек бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1). 

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы шұғыл штабтар кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің нақты тізімін, олардың қызметкерлерінің нақты санын, жұмыс уақытын және жеткізілу тәсілін анықтайды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: