Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында елді біріктіретін идеяны айтты.
«Конфуций ұрыс-керіс кедейліктен тумайды, әділетсіздіктен туады дейді. Империя құрған Осман патшаның әкесі Ертұғырыл бей «бұл өмірдің құпиясы – әділдік үшін керес» дейді. Ал президент Тоқаев «Әділетті Қазақстан құруымыз керек» деді. Осы идея – біздің негізгі тірегіміз, діңгегіміз. Әділетті Қазақстан деген идеяның айналасына топтасуымыз керек. Яғни әркім өзінің ісінде, ойында, қызметінде, өнерінде, ғылымында, басқаруында, отбасында әділ болса, мықты мемлекет боламыз. Әділдікке қарай бет түзеуіміз керек. Адам әділ болса, адал болады. Адал адам болса, әділ болады. Сондықтан әділдік бізді біріктіреді», – деді Еділ Жаңбыршин.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!