Діни экспансиядан шегінетін жер қалмай барады…
Дін 2800-ден аса мешіт салып, жастарды өзіне тартудың небір жолын әбден меңгеріп алды…
Жастар «дін кедергі емес, иман үшін» деген иллюзия жетегінде жүр. (Ол түсінікті, жастық максимализм бар, соның қызуымен «бәрін игереміз», «бәріне үлгереміз» дейді ғой…).
Алайда, дінге беріле бастағанда оларды дін иіріміне (шыңырауға) тартушы ортаның ғылыммен еш шаруасы жоқ, ғылымға үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын жастар қаперге ала бермейді…
Ал, дін фанаттарының санасы ортағасырлық діни талаптармен әбден догмаланған.
Сөйтіп, «діни ұстаздар» күні кеше мектепте жақсы оқып, қазір Отанымызға қызмет етеді деп үміт күткен жас буынды, инновацияға дап-дайын баланы шыңырауға сүйреп кетеді ақыр соңында…
Ал, осы өзін жарнамалаушы діни белсенді ортаның бар өнері, әрі кетсе «сауда-саттық» болып келеді…
Сауда – әлімсақтан табиғатында жасампаздық жоқ тірлік… Сауда өзгенің жасаған дүниесін өзгеге сату арқылы пайда табу ғана…
Есесіне, саудада өтірік пен алдау қатар жүреді.
Дін мұндайға үйретуге потенциалды мүмкіндігі зор орта саналады.
Онда адам баласы барып көрмеген «ұжмақ» деген жерлер де сатылымға шығып жатады…
Онда «Махр» деп махаббат та сатылатын болды…
Дінге кеткен жастар түбі соған барып, жастық армандарын тәрк етеді…
Ал, үздіксіз айтылатын «төрт қатын» мен «сансыз қор қыздары» туралы қияли әңгімелері «қаны басына шауып тұрған» жастардың енді құрып жатқан отбасылық өмірін тұрақсыз етеді, жояды…
Яғни, дінге тым ерік бергенде, мемлекет іргесі осылай сөгіледі.
Онымен бір мезетте ұлттық-отбасылық тәрбие құндылықтары өз мағынасын терістеп, құндылық ретінде жойылады. Ұлттық-унитарлы мемлекеттерге бұл – аса қауіпті қадам!
Бұл мыңжыл қалыптасқан дәстүрімізге обал!
Бұл Тәуелсіз елге де обал!
Ал, енді, осы жерде «Мемлекет іргесі отбасыдан құралады», «Отбасы – мемлекеттің шағын көшірмесі» деген ойшылдар айтқан Ақиқаттың әлі де өзекті екенін бөлек ескерткім келеді: Ұлтқа, Жерге деген сүйіспеншілікті «қазақ көзімен» және «қазақ жүрегімен» қалыптастырмасақ, істеген істің бәрі бекер!
Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ,
философ.
Фото: islam.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!