Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Деструктивті діни ағымға қатысты 59 құқықбұзушылық анықталды

03.11.2020, 14:30 698

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының Полиция департаменті қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жыл басынан экстремистік бағытта 6 қылмыстық құқықбұзушылық (ҚР ҚК-нің 174-бабы – 3, 256-бабы – 1, 405-бабы – 2) анықталды.

Сонымен қатар, деструктивті діни ағым ұстанушыларына қатысты 2 қылмыстық дерек тіркелді. (ҚР ҚК-нің 190-бабы – 1, 297-бабы 1-б).

Сонымен қатар, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті діни ағым ұстанушысының қаруды сақтау ережелерін бұзғаны анықталды. Оған тиісті шара көріліп, қаруы тәркіленді.

Есепті мерзімде деструктивті діни ағым ұстанушылармен жасалған 59 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Мәселен, жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Қызылорда қаласы, Қазыбек би мен Қорқыт ата көшелерінің қиылысында орналасқан бутик ішінен сатылымда тұрған діни атрибутикалық заттар мен басылымдар алынды. Аталған дерек бойынша тағайындалған сараптама қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды.

8 мамыр 2020 жылғы қалалық мамандандырылған әкімшілік сот қаулысымен сатушыға айыппұл салынды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: