HALYQLINE.KZ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы Шиелі аудандық емханада денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы, аудан әкімінің орынбасары Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.Кездесу барысында сала мамандары ұсыныс-пікірлерін айтып, күрделі бір мәселені көтерді. Ол – Шиелі ауданаралық ауруханасын және емхана ғимаратындағы кәріз жүйесін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мәселесі. Мәжіліс депутаты айтылған мәселе бойынша жергілікті жауапты мамандарға тапсырма беріп, өзінің қатаң бақылауына алатынын жеткізді.
Ғалым Махмұтбайұлының Шиелі ауданына іс-сапары аясында білім саласының қызметкерлерімен келесі кездесуге жалғасты. Кездесу барысында білім саласының қызметкерлері мәжіліс депутатын жылы шыраймен қарсы алды. Мұғалімдер тарапынан орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мәселесі, дене шынықтыру пәнінің мәселесі, ұлдар мен қыздарға 20-30 балаға бір мұғалім сабақ беру, Көркем еңбек пәнінің мәселесі тағы да басқа мәселелерді ашық айтылды. Халық қалаулысы өзекті мәселелерді назарға алып, Шешілу жолдарын қарастыратындарын жеткізді. Сонымен қатар мәжіліс депутаты Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатовпен бірге №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің оқу жылына дайындығын бақылады.
Жалпы, депутат әуелі ауылшаруашылығы саласының өкілдерімен кездескен еді. Кездесу барысында Ақмая шаруақожалығының төрағасы, аудандық мәслихаттаға фракция мүшесі Дәулет Жұмбеков ауылшаруашылық саласындағы бірқатар мәселелерді көтеріп, істеп жатқан жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар Ақмаядағы ең өзекті мәселе «Батыс – Еуропа Батыс Қытай» жолының үстінен айналмалы өткел ашу мәселесі де айтылды. Халық қалаулысы бұл өзекті мәселені назарға алып, шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!