Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутат мемлекетке қайтарылған жерлердің көбі құнарсыз жерлер екенін айтты

28.01.2025, 8:55 86

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов мемлекет меншігіне қайтарылатын жерлерді әлі де жүйелеу керек деп санайды. Депутат Adal ADAM youtube-арнасына берген сұхбатында мәселеге қатысты пікір білдіріп, негізгі қайтарылатын жерлердің бағытын өзгерту керегін айтқан.

«Қазіргі таңда 10 млн гектарға жуық жер қайтарылды. Қосымша 8-10 млн гектарға жуық жерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірақ қайтарылған жердің көбі – құнарлы жер емес, жайылым немесе шабындық жерлер. Бізге Алатау тауының бөктеріндегі, ұлттық парк маңындағы жерлерді қайтару керек. VIII шақырылым депутаттары жұмысын бастаған сәтте қабылданған алғашқы заңның бірі заңсыз шығарылған активтерді елге қайтаруға бағытталды. Мемлекет басшысы да салаға ерекше назар аударып отыр», – деді Е.Саурықов.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: