Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Darmen» мобильдік қосымшасы іске қосылды

27.02.2023, 17:30 568

 HALYQLINE.KZ Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту кезеңінде Мобильді қосымшаларды пайдалану төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша халықты жедел ақпараттандыру үшін өзекті болып табылады. Ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 2019 жылы «Darmen» мобильдік қосымшасын іске қосты.

Қосымша дауыл туралы ескертулер мен басқа да төтенше жағдайлар, автомобиль жолдарының жабылуы туралы хабарламаларды уақтылы жіберуге, сондай-ақ мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына қысқы ауа-райының қолайсыздығына байланысты сабақтарды тоқтату кезінде ақысыз және ыңғайлы. Сондай-ақ, бағдарламада түрлі төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша ұсыныстар жаңартылады.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы және SMS-ескертулер арқылы күн сайын облыстағы метеогидрологиялық жағдай туралы жедел ақпаратты, дауылды ескертулерді, нұсқаулықтарды және т.б. ақпараттарды жібереді. Тез өзгеретін климаттық жағдайда жедел алынған ақпарат төтенше жағдайларды едәуір азайтып, адам өмірін жиі сақтай отырып, алдын-ала шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, төтенше жағдайлар туралы алдын алу үшін Қызылорда облысының ТЖД «Darmen» қосымшасын пайдалануға белсенді қатысуға шақырады.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: