Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дариядан келер қауіп жоқ

20.01.2021, 10:00 396

HALYQLINE.KZ  Биыл облыста су тасқынының алдын алу мақсатында қорғаныс бөгетінің үш учаскесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, екі дана гидротехникалық құрылғы салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев мәлімдеді.

– Өңірде жыл сайын су тасқынының алдын алу мақсатында арнайы құрылған жұмыс топтарымен қорғаныс бөгеттеріне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қауіпті деген учаскелер анықталады. Қажетті қаржы бөлініп, аса қауіптілері қалпына келтіріліп, нығайтылады. Қыс-көктем мезгілінде дария деңгейін бақылауда ұстап тұруға арнайы техника, жауапты мамандар бекітілді. Күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Дариядан келер қауіп жоқ, – деді Бағдат Исламбекұлы.

Өткен жылы қорғаныс бөгетінің 16 учаскесі жөнделіп, тазалау жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: