Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дарияда сең қозғалды: 30-ға жуық елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

21.02.2025, 10:15 90

HALYQLINE.KZ

Сырдарияда сең қозғалды. Қазіргі таңда өзен арнасы бақылауға алынып, азаматтық қорғау қызметі дайындық жасап жатыр. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков өңірге барып, жағдайды бағамдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде өзеннің Қызылордаға дейінгі бөлігі мұздан толық тазарған. Сірескен сең ақырындап қала тұсынан өтіп жатыр. Ал қауіпті саналған 5 учаске бақылауда. Қазір солтүстік аудандардағы мұздың қалыңдығы – 20-40 см. Аймақта су басу қаупі жоғары 29 елді мекен болса, ондағы халық саны 70 мыңға жуықтайды. Мамандар болжамынша, Сырдариядағы сең наурыздың орта шенінде Арал теңізіне жетуге тиіс.

«Сеңнің жүруі байқалды. Қазіргі уақытта қорғаныс бөгеттері қалыпты жағдайда. Облыста 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункті орналасқан. Сонымен қатар 22 уақытша орналастыру пункті, 13 жылыту пункті жұмыс жасайды», – деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Бейбітхан Спанов.

Көрнек сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: