Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Далбаса депутат

07.11.2025, 10:15 116

HALYQLINE.KZ

БҮГІНГІ  САТИРА

(«Ақылды ақымақтар» сатиралық романымнан үзінді)

2040 жыл.

Депутат болмай тұрып,

Халыққа басын бұрып,

Сөз сөйледі жалынды,

Кеудесін ұрып…

Керек десең, ойпырмай,

Беретіндей, жүрегін жұлып…

– Президент бетін жумайды,

Даланы аралап,

Көбелек те қумайды…

«Халқым!» деп сөйлегенмен,

Белін бекем бумайды,

Жолдауын оқысам,

Жүрегім менің сулайды,

Бірақ халық кейде,

«Өзгеріс!» деп шулайды…

Президент футбол көрмейді,

Соған жүрегім тулайды…

Таңертең бетін жумайды…

2042 жыл. Депутат болды,

Көкірегі қуанышқа толды,

Мәжілісте сөз сөйледі,

Сөзі көпіріп,

Бәрі өтірік,

Сапырды оңды-солды:

Күн кешке шығып,

Таңертең батады.

Халық әбден тойған,

Қойларын сойған,

Дастарқанға,

Бәрін қойған,

Рақаттанып жатады,

Тек жалқаулар ғана,

Арам қатады,

Билікті сынағанды,

Құдай атады…

Көктем сайын тасқын,

Неге жазда емес,

Осы жағы батады…

Үкімет отырыста,

Анекдот айтып, шатады,

Министрлер пісте шағып,

Қабығын базар сатады,

Басылмай тұр елімнің,

Осындай бір шатағы…

Президент бетін жуады екен,

Ен жайлауға шығып,

Көбелек те қуады екен,

«Халқым!» деп сөйлеп,

Белін бекем буады екен,

Елбасшы Елемесовна,

Жақында туады екен…

«Құтты болсын» айтайық,

Күйеуі бізге «жуады» екен…

Деген депутаттың,

Көңілі енді жайланды,

Мұрты оның майланды,

Мақтай беріп, билікті,

Қайтадан сайланды…

Мұхтар  ШЕРІМ.

Фото: cartoon.kulichki.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: