HALYQLINE.KZ Бүгінгі Президент Жолдауын ұжымдастарыммен бірге бір деммен тамашаладым. Еліміз үшін тарихи шешімдер қабылданған күн болды. Ең бастысы қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. Жаңа туылған нәрестелер жәрдемақысы бір жарым жасқа дейін берілетін болды. Бұл декреттік демалыстағы аналар үшін үлкен қолдау болары анық.
Қазақстан үлкен өзгерістердің алдында тұр. Уақыт өткен сайын демократиялық қоғам құрылып, адам құқықтарының қорғалуына баса назар аударылып келеді. Соңғы жылдары көпшілік арасында әйелдердің зейнет демалысына шығу тақырыбы да қатты талқыланған болатын. Бұл мәселеге де нүкте қойылды.
Алдымызда Президент сайлауы тұр. Қасым-Жомарт Кемелұлы саяси науқанға дайындық бүгіннен басталатынын жеткізді. Әлем жұртшылығы жоғары бағалап, ел сенімі ақталатын сайлау болатынына үлкен сенім білдіремін.
Гүлайым Сейілханова,
дәрігер-нарколог
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы өзінің өзектілігін айқындады. Ел тағдырында басым салалардың дамуына көп көңіл бөлінді. Әсіресе, медицина қызметкерлерін қуантатын жағымда жаңалықтар көп болды деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы аудандық деңгейдегі 32 аурухана толықтай модернизациялаудан өтетінін хабарлады. Бұл ауыл халқына сапалы медициналық көмек қолжетімді болады деген сөз. Жас мамандарға да қажетті жағдайлар жасалынып жатыр. Елімізде оқу орнын енді тәмамдаған түлектерді әлеуметтік тұрғыда қамсыздандыруға баса назар аударылып келе жатыр. Бұл көп жылдардан бері жүзеге асырылып келе жатқан бағдарламалардың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да жас мамандарға білімін жетілдіруге қолдау көрсетілмек. Яғни, резидентура гранты 70 пайызға артпақ. Бұл зор мүмкіндік деп сенемін.
Президент Жолдауы әрбір қазақстандыққа жүктелетін зор жауапкершілік. Алға қойған бағытымыздан таймай, Жаңа Қазақстанды бірге құруға атсалысуымыз керек.
Жанерке Асылбекова,
дәрігер-психиатр
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!