Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«COVID-19» атауымен спам тарауда

19.03.2020, 10:26 520

Фишингтік ресурстар қосымшасы бар күдікті хабарламалар келсе, https://cert.gov.kz/notify-incident немесе https://t.me/kzcert хабарламасын жіберіңіз!

 – Компьютерлік жағдайларға қатысты әрекет ету қызметі – KZ-CERT электронды пошталарға жіберіліп жатқан зиянды бағдарламаны қамтитын хатты анықтады, – деп хабарлайды zakon.kz.

Зиян келтіретін бағдарлама – спам AGENTTESLA трояны болып шықты. Алғашқы талдау көрсеткендей, вирус келген компьютердегі мәліметтерін жинап, оны қаскөйдің электрондық поштасына жібереді, атап айтқанда: келген-кеткен деректерді, операциялық жүйенің нұсқасы, модель және процессор жиілігі туралы ақпараттарды алады.

Спам sofian@cahayapack.com.my электрондық поштасы арқылы: COVID-19 UPDATE//BUSINESS CONTINUITY PLAN ANNOUNCEMENT STARTING MARCH 2020 деген атаудағы хат түрінде келеді.

Ел тұрғындарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сізде спам, фишингтік ресурстар қосымшасы бар күдікті хабарламалар келсе, https://cert.gov.kz/notify-incident немесе https://t.me/kzcert хабарламасын жіберіңіз, сондай-ақ 1400 тәулік бойы жұмыс істейтін желіге хабарласыңыз. KZ-CERT қызметінің мамандары осы зиянды бағдарламаны қосымша зерттейді. Тергеу аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: