Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бухарик» сөзі қашан пайда болған?

02.08.2023, 8:30 246

HALYQLINE.KZ

Бұл сөзді атақты В.Дальдің сөздігінен де таба алмайсыз. Бұл – пайда болғанына 100 жыл ғана болған орыстың «жас сөзі». 1924 жылы бас хатшы болған И.В.Сталин ІІ Николай патша жариялап кеткен «Сухой законды» жоятын өзінің Қаулысына қол қойды. Бөтелке мен стақанға деген сұранысқа байланысты Гусев қаласындағы шыны зауытының жұмысын жандандырып, зауыт партия қайраткері Н.И.Бухариннің атымен аталатын болды. Стақан түбінде «завод им Бухарина» деген жазу басылып шығатын болды. Содан бастап бірте-бірте ішетіндерді «бухариктер» деп атаса, ішу сөзін «бухнуть» және «бухать», арақты «бухло» деп атайтын жаңа орыс сөзі пайда болды.

1938 жылы Бухаринді «халық жауы» ретінде атып тастағасын, зауыт «Гусь-Хрусталь заводы» деп аталды. Ал, бухарик, бухнуть, бухать, бухло, т.б. сөздері күнделікті қолданыс сөзі ретінде қалды. Осылайша большевиктердің көрнекті теоретигі, социалистік революцияны іске асырушы Н.И.Бухарин (1888-1938) «халық жауы» деп атылып кетсе де, фамилиясы орыс тілінің төрінен және жиі қолданатын сөзіне айналды.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: