Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұл қымбатшылық деп аталады

09.06.2021, 12:40 884

HALYQLINE.KZ

Елімізде соңғы күндері қымбатшылық жайлы көп айтылуда. Қазақстанда баға тұрақтылығы деген ешқашан болған емес қой, тұрақтылық тек халықтың айлығында ғана.

Құрылыс материалдары еселеп қымбаттапты. Демек үй салу да, алу да қымбаттай түспек. Ал Қазақстан 18 млн халқының баспана мәселесін 30 жылда шеше алмаған ел екенін ескерсек, жағдай қатты алаңдатарлық деңгейде.

Азық-түлік бағасы да аспандап барады. Мысалы, бүгінгі ақпаратты келтірейін. Соңғы бір жылда сұйық май – 33,7%, қант – 32,8%, дәнді дақылдар – 28,7%, картоп – 16,8%, жемістер – 14,9%, макарон өнімдері – 14,7%, жұмыртқа 10% өскен. Бұл қымбатшылық деп аталады. Инфляция кетіп барады, ал жалақы тасбақа жылдамдығымен өсуде.

Бензин бағасы да өсіп кетті. Кей жерде тіпті 200-ден асты-ау деймін. Бензин қымбаттаса, барлығы да қымбаттайды. Өйткені логистикаға тікелей әсер етеді.

Осының бәрін көріп отырып, Үкімет 50 млрд теңгені бағаны тұрақтандыру үшін бөлмек. Бірақ бұл уақытша шара ғой. Өндіруші емес сатып алушымыз, тиімсіз одақтарға кірген мемлекетпіз және экономикасын әртараптандырмай, бір ресурсқа байлаған елміз. Енді соның ащы сабақтарын алып жатырмыз.

Асхат  ҚАСЕНҒАЛИ,

саясаттанушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: