Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін елімізде ауыл шаруашылығы санағы басталды

01.08.2025, 10:45 218

Фото: gov.kz

Онлайн санақ кезеңі 31 тамызға дейін жалғасын таппақ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова айтты.

Осылайша, Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 1 тамызда басталып отыр, ол екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең 31 тамызға дейін онлайн режимінде жалғасса, екінші кезең 20 қыркүйекте басталады.
Санақ науқаны кезінде 300 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы мен 2 миллионға жуық үй шаруашылықтарын қамту жоспарланып отыр.

– Бұл ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын талдаудың және мемлекеттік қолдау шараларын жоспарлаудың негізгі құралы. Біз барлық фермерлер мен қосалқы шаруашылық иелерін sanaq.gov.kz сайтында онлайн санақтан өтуге шақырамыз. Агросекторды дамыту үшін қандай шешімдер қабылданатыны сіздің жауаптарыңызға байланысты, – деді Әсел Шауенова.

Тұрақты интернет жоқ елді мекендерде 2684 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ашылды. Олар әкімдік ғимараттарында және аудандық статистика бөлімдерінде орналасқан. Сонымен қатар, тәулік бойы 1446 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.

Ұлттық статистика бюросы сонымен қатар қызметкерлер санақ мүшелеріне қоңырау шалмайтынын және ешқашан SMS арқылы алынған кодтарды хабарлауды сұрамайтынын ескертті.

Офлайн режимінде өтетін екінші кезең 20 қыркүйекте басталып, 20 қазанға дейін жалғасады.

Санақ қорытындылары кезең-кезеңімен шығарылады. Алдын ала деректерді осы жылдың желтоқсан айында, соңғы деректерді 2026 жылы ұсыну жоспарлануда.

Санақ БҰҰ ФАО-ның 10-шы Дүниежүзілік ауылшаруашылық санақ бағдарламасы аясында өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: