Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – Арал теңізі күні

26.03.2021, 14:00 732

HALYQLINE.KZ Биыл «Арал теңізі» күні төртінші рет атап өтілуде. Яғни, 2017 жылы Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі бассейнін тұрақты дамыту бойынша бірінші халықаралық форумда 26 наурыз «Арал теңізі» күні деп белгіленді.

Атаулы датаға орай аймақта бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Мәселен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 180 мыңға жуық сексеуіл отырғызылды. Сонымен қатар, «Солтүстік Арал теңізі және Сырдария өзеңінің жағалауларын қоқыстан, балық аулайтын торларының қалдықтарынан тазалау акциялары, шетелдік консулдармен инвестициялық жобаларды талқылау мақсатында кездесу, «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тал отырғызу, инвесторлардың қатысуымен Арал өңіріне геологиялық және археологиялық экспедициялар, Арал теңізінің қайтуы атты ғылыми-деректі фильмнің түсірілімі жалғасатын болады. Жасөспірімдер арасында футболдан халықаралық «Aral Cub-2021» турнирі, Солтүстік Арал теңізінің Көкарал бөгетінде тәжірибелік балық қорғау қондырғысын маусымдық іске қосу жұмыстары, Дәстүрлі балық аулау турнирі, Арал тағдыры бойынша фото және көрмелері ұйымдастырылып, ғылыми-деректі фильмдер дайындау және тағы да басқа іс-шаралар өткізілуде.

Айта кетейік, Арал теңізінің құрғаған ұлтанында ұшқан тұздарды тоқтату және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында соңғы 25 жылда Арал теңізі ұлтанына 173 мың гектар жеріне сексеуіл егілді. Жыл сайын облыстық бюджет есебінен Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 5 мың га орман отырғызу жұмыстары жүргізіліп келеді. Оған қоса, 2018 жылдан бастап Оңтүстік Корея Республикасының гранты есебінен, Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитоорманмелиоративтік жұмыстар жүргізілуде. Қазір Кіші Аралда 20-дан аса балықтың түрі кездеседі. Теңізден жылына 8 мың тонна су маржаны ауланып, жергілікті зауыттарда өңделуде. Балық өнімдері Дания, Польша, Ресей, Грузия, Әзірбайжан елдеріне экспортталуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: