Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бояуда не мән бар?..

01.06.2021, 9:30 1750

HALYQLINE.KZ

Антистресс деп аталатын мына бір резеңке ойыншық қазір баласы бар үйдің бәрінде бар. Түсі де ап-ашық, көздің жауын ұрлайды.

Бала байқампаз келеді. Фейсбуктан ЛГБТ туралы Шымкент оқиғасын көріп отырсам, 13-тегі ұлым:

– Анашым, сіз білесіз бе, Шұғыланың (қарындасы) ойнап жүрген поп-итінің түсі осы ЛГБТ-лардың туының түсімен бірдей, – деді.

– Қоойш, мүмін емес. Ол қалай сонда? Мен базардан сатып алғанда әртүрлі түсте болды ғой ол ойыншықтарың, – дедім. – Ал, ЛГБТ деген не, оны қайдан білесің?

– Ютубтан көргем, телевизордан да күнде көрсетіп жатыр емес пе.

Жүгіріп барып ойыншықты қарасақ, шынымен бір бояуында өзгеріс жоқ, тура «радужный флагтағыдай».

Антистресс деп аталатын бұл ойыншықты американдық FoxMind Games компаниясы алғашқыда Last Mouse Lost деген атпен 2013 жылдары сатылымға шығарыпты. Арада алты жыл өткенде атауын Last One Lost деп өзертеді. Бірақ дәл бүгінгідей танымал болмаған. Ал қазір бір ғана Ресейдің өзінде биылғы сәуірде осы ойыншықты тұтынғандар саны 13,7 есе өскен.

Жалпы, роp-іt тик-токерлер арқылы танымал бола бастаған. Блогерлер #роpіt хэштегімен осы бір қызылды-жасылды резеңке ойыншықты қалай ұстап, қалай қою керектігін түсіндіріп суреттер, видеолар жүктеп отырған. Оны бүгінге дейін 2,5 млрд адам тамашалған. Ал Синдейде наурыз бен сәуірде 4 мыңнан астам роp-іt сатылып, 34 мың доллар пайда тапқан.

Бұл ойыншықты аутизмге шалдыққан балалар үшін, ұсақ моторикаларды дамыту үшін пайдаланылатын ойыншық деп естіген едік, енді сап-сау балалар да жаппай осыны сатып алып ойнап жүр.

ЛГБТ-ның ойран салып жүргені анау, енді жай ойыншықтың өзі бала миына сыналап кіріп, «ойран» салып жүрмесе игі…

Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

журналист,

Алматы  қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: