Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бизнес-жоспар құрған кезде нені ескеру қажет?

13.06.2023, 17:15 231

Бизнес- жоспар – бұл кәсіпкер өз бизнесін құру және дамыту мақсатында құратын нақты жоспар. Оның көмегімен сіз бизнесіңізді айтарлықтай жеңіл бастай аласыз, бизнес-жоспар оны бақылап және дамытуға барынша септігін тигізеді. Бизнес-жоспар жобаңыздың қаншалықты табысты болатынын, оны дамытуға қанша уақыт қажеттілігін және  ықтимал тәуекелдерді болжауға мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспар не үшін қажет және ол нелерден тұратыны жөнінде   Fingramota.kz-пен бірлесіп қарастыралық.

Бизнес-жоспар банктен кредит алуға, мемлекеттік гранттар мен субсидиялар алуға, сондай-ақ әлеуетті инвесторға сіздің жобаңызға қаржы құюдың тиімділігін бағалау мүмкіндігін береді.

Бизнес-жоспар құру әдістемелері

Бизнес-жоспардың мақсаты инвесторды өз қаражатын қайтарып алатынына және кіріс түсетініне сендіру. Көп жағдайларда  бизнес-жоспар қызығушылық танытқан адамдарға басты үш сұраққа жауап беру үшін құрылады: қойылған мақсатқа қалайша қол жеткізуге болады, ол мақсатқа жету үшін қанша қаражат қажет және құйылған қаражат пен еңбектің қайтарымы бола ма.

Бизнес-жоспар құрудың үш негізгі әлемдік әдістемесі бар: Еуропа Қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ), KPMG (аудиторлық -консалтингтік компания) және UNIDO (өнеркәсіптік даму бойынша біріккен ұлттар ұйымы). Әдістемелер құрылымы жағынан ұқсас болып келеді, алайда олардың мағынасы әртүрлі.

UNIDO әдістемесі шағын бизнеске қолайлы, ол қарапайым және көп еңбекті қажет етпейді. Бұл әдістемеде ұйымның идеясы, ол немен айналысатыны, және ол өз мақсатына қалайша қол жеткізетіні көрсетіледі.

Қазақстанда БҰҰ-ның шағын және орта бизнеске қолдау көрсету саласындағы бағдарламасы іске асырылуда. Өтінім беру үшін UNIDO әдістемесінің талаптарына сәйкес құжаттар топтамасын қоса беру қажет. UNIDO әдістемесі бойынша бизнес-жоспардың болуы міндетті тармақтардың бірі болып табылады.

KPMG аудиторлық компаниясының бизнес-жоспар әдістемесі орта және ірі бизнес кәсіпорындарына арналған. Мұндай бизнес-жоспар түрінде өнімді сататын нысаналы нарықтар және олардағы бәсекелестер сипатталған, өндірістің жаңа түрлерін игере бастаған кәсіпорындар үшін іс-қимылдардың толық тәртібі бар.

ЕҚДБ бизнес-жоспар әдістемесі – ең шығынды және жұмыс күшін көп қажет ететін, экономикалық әлеуеті мықты, ірі кәсіпорындарға арналған әдістеме. ЕҚДБ әдістемесінің UNIDO және KPMG әдістемелерінен ерекше айырмашылығы – ЕҚДБ әдістемесінің жобаға қатысатын барлық қатысушыларды сипаттауында, кредиторлар, кепілгерлер туралы және барлық кредиторлық берешектің қашан және қандай көлемде өтелетіндігі туралы ақпараттың болуында. 

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) көрсетеді. Көмек алу үшін Қордың стандарты бойынша әзірлеуге болатын, дайын бизнес-жоспар ұсыну қажет. Сонымен бірге Қордың сайтынан кәсіпкерлерге арналған дайын үлгілік бизнес-жоспарларды, сондай-ақ бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды көруге болады. Мұның бәрі сіздің идеяңызды қолайлы жағынан көрсетіп, барлық есебіңізді негіздей алатын сапалы бизнес-жоспар жасауға көмектеседі.


fingramota.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: