Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біз мойынбыз ғой…

09.03.2021, 11:00 401

HALYQLINE.KZ

Аялдамадан түскен бетте дүкенге қарай жүрдім. Алдымда келе жатқан жастары 18-дер шамасындағы қыз бен жігіттің әңгімесі естіліп келе жатыр. Жігіт тоқтай салып, гүл сатушыдан бағасын сұрады. Қыз жігітті қолымен кері итеріп: «Маған гүл алмақшысың ба? Керек емес» деді алға қарай жүрген күйі. «Неге?» деді жігіт таңданып. «Маған ақша жаратқың келіп тұр ма?» деді сұлу. «Иә» деді жігіт. «Сен көрсеткен гүл 3000 тұрады» деді қыз биязы жымиып. «Білем» деді жігіт қалтасындағы ақшасын алып жатып. Қыз: «Онда сол ақшаны, анау қайыр тілеп отырған кісіге берші» деді.

… Қайыр тілеп отырған қарияның қасына барып, ақшасын беріп, батасын алуға қолдарын қатар жайған жас ғашықтарға қарап сүйсініп қалдым… Ех, қызға қылықпен қатар, ақыл да артық емес, иә?! Ырбың-жырбың етпей, осындай қамқорлықты да ойлап жүрейікші, қыздар. Біз мойынбыз ғой. Әлемді жақсылыққа қарай бұрып әкетейікші!

Құралай  Сейсенбекқызының парақшасынан алынды.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: