HALYQLINE.KZ Биыл киелі Қармақшы ауданының негізі қаланғанына – 95 жыл. Осыған орай, ауданда жыл көлемінде «95 жылға – 95 шара» атауымен ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек хабарлады.
Мерейтой аясында ауданда ақындар айтысы мен жыраулар фестивалі, ұлттық спортты насихаттау мақсатында түрлі сайыстар өткізілетін болады.
– Мерейлі мереке қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарланып, жыл көлемінде тағылымы мен тәрбиелік маңызы зор, рухани, мәдени, спорттық бағыттағы әртүрлі жиындар, жарыстар, басқа да іс-шаралар өткізіледі, – деді аудан әкімі.
Баспасөз конференциясында аудан әкімі бұқаралық спортпен шұғылданушылар 38,0 пайызға жеткенін тілге тиек етті. Бүгінде олардың санын арттыру мақсатында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар,Ақай ауылындағы дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
– Республикалық бюджеттің бірінші нақтылауында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс нысандарын салу жұмыстары басталуда. Мұнан өзге, удандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы, Иіркөл, Ақжар, Ақай ауылдық округтерінде балалар және спорттық алаңдарының құрылғыларын орналастыру үшін 56,0 млн теңгежәне Тұрмағамбет, Алдашбай Ахун ауылындарындағы спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 13,1 млн.теңге қаржы қаралды. Айта кететін жайт, спорт нысандарындағы бу қазандықтарын қалыпқа келтіру үшін Жосалы кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің бу қазандығын табиғи газге ауыстыру жұмыстарына 56,5 млн теңге бөлінді, – деді Жандос Еркінбекұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!