Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл 100-ден астам тұрғын үй салынады

17.02.2021, 11:20 464

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есепті кездесуі басталды. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылады. Айта кетейік, есеп беру эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтіп жатыр.

Облыста өткен жылы ашылған 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының 15 мыңға жуығы – тұрақты жұмыс орны.

2020 жылы халықтың нақты жалақысы 11,5 пайызға, ақшалай табысы 1,3 пайызға өскен. Аймақ экономикасының негізгі басым бағыттарын дамытуға президент тапсырмасымен қосымша 15,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға маңызды 42 жоба жүзеге асырылды. Барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша облыста 492 шақырым болатын автожол мен көше жөнделіп, 2 көпір және 408 пәтерлі 39 көпқабатты тұрғын үй, 13 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.

 – Биыл 1964 пәтерлік 101 тұрғын үйді пайдалануға береміз. Бүгінде облыс халқының 97 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен, 65 пайызы табиғи газбен қамтылған. 2020 жылы 16 елді мекенде су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңғырту бойынша жалпы құны 4 млрд. теңге болатын 27 жоба жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде 100 мыңнан астам адам таза ауызсумен қамтылды. Биыл ақпан айының басында Тереңөзек кентін газға қостық. Жақын арада қалған 2 аудан орталығы – Жосалы және Жалағаш кенттерін «көгілдір отынға» қосамыз, – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: