Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биікте кімдер отыр?

10.10.2025, 9:10 115

HALYQLINE.KZ

өлтек  әңгіме)

Кеше жол үстінде бір қариямен кезігіп қалдым.

Ақ сақалы желмен тербеліп, жүзінен жылылық есіп тұр.

Сәлемдесіп, амандық сұрасқаннан кейін, ол маған қадала қарап:

— Айналайын, шығармашылықтың шыңына шыға бер, — деді нық дауыспен.

Мен еріксіз күліп жібердім.

Қария таңырқай қарады.

— Неге күлдің, балам? — деді сабырлы үнмен.

— Ата, сол шыңда қазір кім көрінгендер жүр ғой, — дедім әзіл мен шындық араласқан үнмен.

Қария сәл үнсіз қалды.

Көзіндегі нұр бір сәтке мұңға боялды.

Сосын ауыр күрсініп, баяу ғана тіл қатты:

— Әп, балам… Дұрыс айтасың. Қазір шыңда шыншылдар емес, былшылдар отыр…

Ол басын шайқап, таяғына сүйеніп кете барды.

Мен артынан қарап тұрдым.

Жел баяғыдай есіп тұр, бірақ әлгі сөз көкірегімде жаңғырып қалды.

Сол сәтте мен түсіндім:

— Шыңның биігіне шыққандар көп, бірақ рухтың биігіне көтерілгендер аз екен…

Нұрлыбек  ЖҰБАТҚАН,

Ақтөбе  қаласы

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: