Есек жылқының бейнесіне құбыла алады…
Тік жүріп, жалтылдаған жүген тағынып, әдемі ер-тоқым жамылып, жүйрік жылқылармен бірге топтасып, солардың бірі сияқты әрекет ете алады…
Бірақ ерте ме, кеш пе…
Кісінеудің орнына, бақырады…
Өйткені ол қаншалықты басқаша көрінуге тырысса да, оның шынайы болмысы ашылады…
Дәл осындай жағдайлар кейбір адамдарда да болады…
Өзіне қажет болса, жақсы, мейірімді, кішіпейіл және адал кейіп көрсетеді…
Сыпайы сөйлеседі, саған қарап күлімсірейді…
Әдемі киініп, ұнамды болу үшін жақсы сөздер айтады…
Бірақ мұның бәрі – тек сыртқы бетпердесі…
Уақыт өте келе шындығы шығады…
Бетперде өте ауыр болғандықтан тым ұзақ киюге шаршатады…
Әйтеуір бір кезде құлайды…
Осы жерде кімнің кім екенін тауып көреміз…
Айтқан сөзі бойынша емес, істеген ісі бойынша…
Киінген киімімен емес, басқалармен қалай қарым-қатынас жасайтынымен…
Өтірік ұзаққа бармайды…
Нақты заттарға бетперде қажет емес…
Көргеніңе алданып қалма…
Сабырмен қарап, мұқият тыңдап, әрекеттерін бақылап үйрен…
Адамдар көп нәрсені айта алады, бірақ фактілер тіптен қаттырақ сөйлейді…
Алтынды жарқыратудың қажеті жоқ…
Ол өзін жарқыратады…
Балшықты алтынмен боясаң да әрқашан сатпағы шығып тұрады…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!