Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бектенов: Қазақстан жаңа идеялар мен ұзақ мерзімді цифрлық жобаларға ашық

27.03.2026, 15:50 49

Премьер-министр Олжас Бектенов Digital Qazaqstan 2026 форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанның цифрлық даму бағытындағы халықаралық ынтымақтастыққа ашық екенін айтты.

Үкімет басшысының сөзінше, Digital Qazaqstan форумы – алда өтетін ірі халықаралық іс-шаралар легінің бастауы ғана. Биыл Қазақстанда GITEX Орталық Азия және Кавказ, AI & Digital Bridge, сондай-ақ әлемнің 100-ден астам елінен қатысушылар жиналатын «Болашақ ойындары» ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, тамыз айында жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өткізу жоспарланған.

Олжас Бектенов бұл алаңдар өңірдің жаңа цифрлық келбетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

– Біз барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараларға қатысуға және өңіріміздің жаңа цифрлық экожүйесін қалыптастыруға атсалысуға шақырамыз. Қазақстан бірлескен жұмысқа, жаңа идеяларға, технологияларға және ұзақ мерзімді жобаларға ашық. Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс пен мазмұнды пікірталас тілеймін, – деді Премьер-министр.

Форум барысында Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жасанды интеллект экожүйесін кеңейту және халықаралық технологиялық әріптестікті нығайту бағытындағы ұстанымы да айқын көрінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: