Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бектенов: Мүгедек жандар үшін істеліп жатқан жұмыстар мардымсыз

06.11.2024, 12:20 263

HALYQLINE.KZ

Премьер-министр Олжас Бектенов мүгедек жандар үшін істеліп жатқан жұмыстарды мардымсыз деп бағалады.

«Ең үлкен проблеманың бірі – мүмкіндігі шектеулі жандардың нысандарды еркін жүріп-тұруы. Бұл айта-айта жауыр болған мәселеге айналды. Атқарылып жатқан жұмыстар мардымсыз. Мүгедек жандар үшін нысандардың қолжетімділігі 45%-дан аспайды. Оның үстіне, кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары белсенді жүріп жатқан ірі қалалардың өзінде көзге көрінетіндей нәтиже жоқ. Мұны мүгедектер арбасымен қозғалатын Еркебұлан Рүстемов әлеуметтік желілерде жиі көтеріп, елорданың өзінде көптеген пандус пен ауыспа жолдардың қозғалуға мүлдем жарамсыз екенін көрсетіп келеді. Тіпті, кейбір пандус пен ауыспа жолдардан өтер кезде бесік арбамен жүрген ата-аналар да әлекке түсіп жатады», – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, мүгедек жандарға арналған лифтілер мен көтергіштер жұмыс істемейді. Сондай-ақ, биік бордюрлер жолды кесіп өтуге кедергі келтіреді.

«Қолайлы орта қалыптастыру бойынша істеліп жатқан жұмыстарда көзбояушылық көп. Объектілерді мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмысын күшейту қажет. Бұл, әсіресе әлеуметтік объектілерге, дәріханаларға, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарына қатысты. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыстың сапасы мен жауапкершілікті арттыру үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауды тапсырамын. Нормалардың сақталуын бақылау қажет», – дейді ол.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: