Әз-Наурыз және Ораза айт мейрамдарына орай Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылында шаруашылық төрағаларының және жеке кәсіпкер Бердібек Мыхановтың демеушілігімен ат бәйгесі ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Жүйріктер бақ сынаған бәйгелі жарысқа қомақты жүлде қоры тағайындалып, көрермен жүлделі доданың куәсі болды.

Жалпы жүлде қоры: 2 шақырым «Тай» бәйгесінің жеңімпаздарына 65 мың теңге, ұзақтығы 4 шақырым «Құнан» бәйгесіне жүйріктеріне 370 мың теңге, мықтылар іріктелген «Аламан» бәйгесінің үздіктеріне 700 мың теңге сыйақы табысталды.
Ел ішінде өткізілген мұндай дәстүрлі жарыстар халықты бір арнаға тоғыстырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға мүмкіндік береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!